Ресми

Оралман мәртебесін беруге қатысты қызмет

Оралман мәртебесін беруге байланысты мемлекеттік қызметтер 2011 жылдың 22 шілдедегі ҚР «Халықтың көшi-қоны туралы» Заңына сәйкес көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және уәкілетті орган — облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін және бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі.  Азаматтар келесі құжаттар ұсынады:

1) өмірбаян (еркін нысанда);

2) отбасы отағасының, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің мөлшері 3х4 сантиметр екі фотосуреті;

3) нотариат куәландырған аудармасымен көрсетілетін қызметті алушының және онымен бірге қоныс аударған оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері;

4) отбасы отағасына, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне ЖСН берілгені туралы анықтаманың көшірмесі немесе ЖСН бар екендігін растайтын өзге де құжаттар қоса беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатында қазақ ұлтына жататыны туралы ақпарат болмаған жағдайда, оларға көрсетілетін қызметті алушының және тұрақты тұру мақсатында тарихи отаны Қазақстан Республикасына келген, Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерлерде тұрақты тұрған онымен бірге көшіп келген отбасы мүшелерінің, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерлерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларының этникалық қазақтарға жатқызылғанын растайтын құжаттардың (аттестат, диплом, білім алғаны туралы куәлік, еңбек кітапшасы және тағы басқалар) көшірмелері беріледі.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаян мен фотосуреттен басқа) көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының аумағында Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен көшіп келіп жатқан этникалық қазақтарға оралмандарды уақытша орналастыру орталығы бар. Орталық үш бөлмеден тұрады. Этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері орталықта оралман мәртебесін алғанға дейін, күнтізбелік 10 күнге дейінгі мерзімде тұра алады.

Этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері жолдаманы алғаннан кейін бір жұмыс күні iшiнде орталыққа орналастырылады. Орталыққа этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелерінен басқа адамдарды орналастыруға тыйым салынады. Орталықта этникалық қазақтармен және олардың отбасы мүшелерінің оралман мәртебесін алғанға дейін тұруына қажетті жағдайлар жасалады.

 Роза ӘЛЕНОВА,

облыстық жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

 басқармасының бөлім басшысы. 

 

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. Саламатсыздарма! Жалпы менің білгім келгені, Өзбекстаннан келген қазақ азаматы, қазіргі таңда құжаттарының уақыты өтіп кеткен, енді Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін қандай іс-қимылдар жасау қажет.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button